«Жолда абай болыңыз» жас жолаушыға арналған нұсқаулық

Көшеден өтерде «зебра» немесе қиылысу белгілері бар жерлерден өтіңіз, олар болмаған жағдайда тротуар сызығының бойындағы қиылыспен өтіңіз.

Көшеден немесе жолдан өтпес бұрын, өткелдің толығымен қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Көшені (жолды) қиғаш емес, түзу кесіп өтіңіз.

Жолды кесіп өткенде алдымен солға, содан кейін бірден оңға және көлік көрінуі мүмкін барлық бағыттарға қарау қажет.

Жақын маңдағы көліктердің алдынан көшені немесе жолды кесіп өтпеңіз және оны жолдастарыңыздың да жасауына жол бермеңіз.

Көлікке арналған жолда жүруге болмайды. Жаяу жүргінші жолы немесе тротуардың оң жағымен жүріңіз, сонда сіз қауіпсіз боласыз. Егер жаяу жүргіншілер жолы болмаған жағдайда, қозғалысқа қарсы жолдың сол жағымен жүріңіз.

Бағдаршамға және жол белгілеріне қатаң бағыныңыз.

Айналаңыздағыларға мұқият болыңыз: егер адам құлап кетсе, тұруға көмектесіңіз, қарттарға және әлсіздерге көшеден өтуге көмектесіңіз, баланы өзіңіз өткізіңіз. Егер сізден жол көрсетуді сұраса, байсалды және саналы түрде түсіндіріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.