Мектеп мұражайы


MЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТАНЫ АШУ 


 Мақтан етер, үлгі тұтар жерлесіміз Естай Есжанов  1906 жылы 20 маусымда Қостанай облысы, Жітіқара ауданының №3 ауылында, қазіргі кезде Көкпекті деп аталатын жерде дүниеге келген. Жастайынан өмір тауқыметін тартқан ол, ауыл мектебінен білім алды. 1924-1929 жылдары ауыл советтің хатшысы болып жұмыс істеген. Зоотехник мамандығын игергеннен кейін, алғашында «Тобыл» совхозында зоотехник, соңынан «Аманқарағай» совхозында бас зоотехник болып қызмет атқарған. 1941 жылдың 10 маусымында Жітіқара аудандық әскери комиссариатымен Қызыл әскер қатарына шақырылған ол, бір жыл Челябі облысының Шұбаркөл деген қаласында оқу- жаттығу жиынынан өтеді. Зеңбірек көздеушісі мамандығын игергеннен кейін 1942 жылы маусым айында  Сталининград майданына жіберіледі.  Ұлы Отан соғысының тағдырын шешетін , бүкіл жер жүзі халықтары ақыры не болар екен,- деп қобалжып күтіп отырған шайқас болатын. Бұны түсінген Естай да осы шешуші шайқасқа жетуді өзіне мақсат етіп қояды. Гвардияның 206 жеңіл артиллериялық полктің ауыр қару бөлімшесі 60- армиясының үшінші бригадасының кіші сержанты Естай Есжанов Днепрдің батыс жағалау үшін болған шайқаста ерекше көзге түсті. 1943 жылы 6 қазанда Украинада Киев облысы Чернобыль ауданы Медвин селосының маңында душпандардың толассыз қауырт шабуылына тойтарыс берді..  1943 жылы 17 қазанда СССР Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен Естай Есжановқа Советтер Одағының батыры атағы берілді.  «Ленин» орденімен , «ІІІ дәрежелі Даңқ» орденімен , «Қызыл жұлдыз»  және «Ерекше ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ұрыста алған жарақатынан 1944 жылы 27 тамыз күні таңғы сағат сегізде госпитальға түсіп, 1944 жылы 1 қыркүйек күні түнгі 2 сағат 5 минутта дүниеден өткен ер азаматымыздың ерлігі жастарға үлгі. Жастардың  оқу- тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейтіні анық. Бүгінгі игі істің басы- ерлік елеусіз қалмасын, ер жігіт елі үшін туып, елі үшін өледі, ерлікті таба білу, елді таба білу екендігін меңзейді. № 9 орта мектеп  қабырғасына Естай Есжановтың мемориалдық тақтасын  орнатуға байланысты  салтанатты митинг 20 маусым күні  салтанатты түрде  ашылып, Тоба  Монтайұлы өз арнауын халыққа домбырамен  жеткізгеннен кейін Жітіқара әкімінің орынбасары Досмухамедов Алмат Кәкімжанұлы, қаламыздың құрметті азаматтары Григорьев Юрий Степанович, қаламыздың құрметті азаматшасы Джандырова Жаңылсын Бекмұратқызы және мектебіміздің басшысы Губайдулина Сандуғаш Меербекқызына   сөз берілді. Сонымен қатар қаламыздың ақыны Тұрсынов Тоқтарбай Тұрғанұлы Естайға арналған  өз өлеңін арнады.


Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын

Жүр есінде сан жарық, сапарларың

Қайран Естай атамыз,  қаһарман ер.
 

 Елге мәлім айтулы ер атанғаның  — деп біздің оқушылар тақпақтата жыр арнады. Тақтаны  ашу салтанаты қаламыздың құрметті азаматтары  Григорьев Юрий Степанович пен Джандырова Жаңылсын Бекмұратқызына берілді. Ел ешқашан өз ерлерін ұмытқан емес.  Осындай ел есінен шықпайтын ерлердің бірі- Кеңес Одағының Батыры Естай Есжанов. Батырдың  жасаған ерлігін еліміз ешқашан ұмытпайды. 


БАТЫР ДАҢҚЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН


Көптен күткен ұлы игі іс…… №9 орта мектебінің тарихында 28 қараша жыл сайынғы дәстүрлі мерекелерінің біріне айналары сөзсіз. Себебі, дәл осы күні мектепте ұлы игі істің бастамасы қаланды. Жітіқара қаласының №9 орта қазақ мектебіне 2015 жылы жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Естай Есжановтың есімі берілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейіне орай батырдың туған күнінде  2015 жылы 20 маусымда мектеп қабырғасына батырдың мемориалдық тақтасы салтанатты түрде орнатылды. Рухына құран бағышталып, ас берілді.

 Батырға арналған мектеп мұражайы өз жұмысын 2014 оқу жылында бастады. Мұражайдың ұйымдастырылуының бастамашысы болған мектеп директоры Губайдулина Сандугаш Мейербекқызы мен  тәрбие ісінің орынбасары Қазанбаева Жанна Жамантайқызының еңбегі зая кетпеді.

 Мектептің жаңа басшысы Утеулин Жанибек Мухамедуалиевич игі  істің өз жемісін көрсетуіне ұжымды жұмылдыра күшке біріктіруінің арқасында 28 қазанда мектеп мұражайы қонақтарға есігін айқара ашты.

   Мұражайдың ашылу салтанатына Жітіқара ауданының әкімінің орынбасары Досмухамбетов Алмат Какимжанұлы. Жітіқара аудандық мәдениет және тілді дамыту  бөлімінің басшысы  Әльмұхамедова Жаңылдық Әлтайқызы.Соғыс ардагерлер кеңесінің төрайымы Шедухина Анна Тимофеевна және соғыс ардагері Головизин Михаил Иванович. ҚР педагогикалық еңбек ардагері  Жандырова Жанылсың Бекмұратқызы. Зейнеткер ақын  Тұрсынов Тоқтарбай Тұрғанұлы.  Жітіқара аудандық  Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мутлапов Серик Рамазанұлы. Жітіқара ауданының мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшылары. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада мектеп ұжымы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайғылы-қасіретті  көрініспен жеткізе білсе, мектеп оқушылары әндері мен жыр-шумақтарын арнап қонақтардың жүрегін тебірентті.

   Көптен күткен сәтте келіп жетті. Мұражайдың салтанатты ашылу сәті ЖандыроваЖанылсын Бекмұратқызы мен Ұлы Отан соғысының ардагері Головизин Михаил Ивановичке берілді.

 Мұражайға келген алғашқы қонақтарға батыр туралы деректермен  11 сынып оқушысы Танатова Мадина мен 8 сынып оқушысы Жукенова Хадиша таныстырып өтті.

Мұражай ашылған күннен кейін алғашқы қонақтары жас келешек ұрпағымыз, кішкентай бүлдіршіндеріміз «Балапан» бала –бақшасының тәрбиеленушілері келді. Балалар көптеген қызықты әңгімелер мен деректерді тамашалап , алған әсерлерін білдірді.

Мұражайға қала тұрғындарының қолдауымен көптеген жерлес батырларымыз туралы деректер жинақталды. Атап өтер болсақ Ильясов Ағыбай, Гулаков Алексей Дмитриевич, Коробов Николай Федорович, Сейтаев Сейітжапар,Жукенов Исламбек, Тулубаев Төребай.

    Мұражай алдағы уақытта өз жұмысын жандандырып , кеңейеді.

 Мұражайдың ұйымдастырылып,ашылуына тікелей ат салысып, септігін тігізген Жітіқара аудынының әкімшілігіне алғысымыз шексіз.

Отаным, Қазақстан – Ұланымыз

Тәуелсіз –ұлтым, тілім, ұранымыз

Есімі «батыр баба » мектебінің

Желбіреп көк байрақты –қыранымыз


МҰРАЖАЙ ЭКПОНАТТАРЫ