Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Сізге ыңғайлы болу үшін «SAKURA ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕКТЕБІ» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау бойынша бейне нұсқаулықты ұсынамыз.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
— Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
— Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.