Онлайн кітапхана


Жергілікті жазушылардың кітаптары

Прозасы, әсіресе қысқа әңгімелері арқылы кеңінен таныс жазушы Мадина Омарованың бұл жинағында автордың драмалық шығармалары мен мистикалық әңгімелері ұсынылып отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.


Әлемдік әдебиет


Алқызыл желкендер — 2011 жылы Астана  қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Александр Грин, орыс тілінен аударған Ә. Жұмабаев, ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комиметі «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды. Беттер саны — 328

Роман–махаббат жайлы сырлы да нәзік поэма. Бұл кітапта алқызыл желкендер туралы ертегі шындыққа айналған. Сол арқылы егер адам арманшыл болса, шын бақытқа ұмтылғысы келсе, ол жолда өзіне сенімді, рухты болса–түбі соған жетеріне сендірген.


Гулливердің саяхаттары — 2011 жылы Астана   қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Джонатан Свифт, орыс тілінен аударған А. Құрмансейітов, ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комиметі «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды. Беттер саны — 368 Бұл кітапта әуелде оташы, кейіннен бірталай кемеге капитан болған Гулливердің дүниенің түкпіріндегі бірнеше елге жасаған қызықты саяхаттары баяндалған. Гулливер бірінші саяхатында Лилипутияға саяхат жасайды. Ол сол жерде лилипут тілін үйренеді, ол күніне 1720 адамның тамағын тұтынады. Лилипутиядағы адамдар оның сұқ саусағынан келеді, яғни олар өте кішкентай. Ал екінші саяхатында ол Лапутаға жол тартады. Ол жердегі адамдар өте үлкен, Гулливерден шамамен 10 есе үлкен. Одан кейінгі саяхатында ол бірнеше елге жорық жасайды. Ең қызық саяхаттарының бірі төртінші саяхаты. Бұл кезде ол адам емес гунмолар яғни жылқылар еліне барады. Ол жерде адам тәрізділерді жиіркенішті деп санайды. Бұл шығарма–бір жағынан әлеуметтік–саяси қарым–қатынастар жайындағы өткір мазмұнды роман–памфлет. Балаларға ғана емес, үлкендерді де терең ойға бастайтын сатиралық – философиялық тамаша туынды.


Том Сойердің басынан кешкендері — 2011 жылы Астана   қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Марк Твен, орыс тілінен аударған Ф. Оңғарсынова, ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комиметі «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды. Беттер саны — 240

Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттелген. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және олардың өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVІІІ ғасырдағы АҚШ–тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі баяндалған.


Қазіргі қазақ авторларының 5 шағын кітабы


«Австралияда нең бар еді, құлыным?!»

Книга современного автора Турсынбека Алиулы о путешествие длинною в год. Получив приглашение в Австралию, герой книги попадает в интересную историю: работает чабаном в Австралии, в поисках сокровищ находится над Тихим океаном у берегов Индонезии, потом перебирается в Бразилию, и становиться частью племени индейцев. Автор в подробности рассказывает о истории каждой страны, познакомит вас с диким миром шестого материка и с собаками динго.

Не смотря на счастливую жизнь в Бразилии, нашего героя постоянно тянет на родину. К семье, к родным и к степи Казахстана. Книга, не превышающая 200 страниц, читается легко, а займет около 4-х часов. Ваше путь с Астаны до Павлодаре может обернуться в увлекательное приключение. И еще, книга имеет продолжение «Ауаға оралу» и «Періште». Может откроете их на обратной дороге?!


«Күміс кітап»

136 мотивирующих страниц о книге. Политолог, журналист Бакытжан Бухарбай читает в год около 100 книг, а значит знает толк в хорошем произведении. Из книги вы узнаете сколько произведений сейчас во всем мире по данным «Гугл» и что важно при чтении книг. Автор обеспокоен современными тенденциями и желает возродить моду на чтение книг. Книга заставляет задуматься о важности чтения и ее пользе. «Если мы хотим, чтобы наше государство было наравне с передовыми державами — то необходимо воспитать читающее поколение» говорит Бакытжан. Приводит очень много личных истории о том, как нужно бережно хранить книги.

«Не давайте никому книги, они их не вернут» утверждает автор, в чем он и прав. Если книги, что вы берете вас не интересуют, и даже классики как Ауэзов и Айтматов читаются с сложностью, смело приобретайте «серебрянную книгу»


«Мен жындымын»

«В каждом обществе есть инокомыслящие люди, с другими взглядами, они говорят только правду, а их называют ненормальными. На самом деле, он нормальный, очень талантливый и интеллектуальный человек».

Сатирический рассказ писателя Тұрысбека Саукентаева о тяжелой жизни в девяностых годах прошлого века и нелегком пути писателя. Книга оставляет двоякое впечатление, с одной стороны — вы переживаете за жизнь Тауфиха и желаете ему скорейшего достижения поставленных целей, с другой стороны — автор отторгает и вызывает жалость и ненависть.

«Чтобы ее понять не обязательно быть ненормальным» -утверждает автор Турысбек и добавляет «В этой книге мои мысли об обществе, жизни и каждом человеке. Мои слезы и душевная боль в этой книге. Все что я хотел сказать в этих страницах». Книга получила высокую оценку литературов и награду «Алтын калам» в 2017 году в номинации «Роман года».


«Мелочи жизни»

За семь часов вы пройдете путь от маленького мальчика из села Нарынкол, до режиссера фильма «Шал», номинированного на Оскар. Узнаете о мире советской молодежи, где каждый второй может петь на гитаре и физический крепок. О сложностях режиссерской работы и получите ответ на вопрос «а зачем же нужен второй режиссер?». Книга разделена на небольшие рассказы, а значит современный читатель не утомится в поездке из Алматы в Астану. В среднем, на прочтение книги уйдет 7 часов


«Оңашадағы онлайн ойлар»

Называть ее книгой не совсем правильно, это скорее карманный носитель с мыслями журналиста. Академик международной академии информатизации Шархан Қазығұл первый из современных авторов, кто написал книгу в стиле блогов в социальных сетях. При этом размер книги не больше, чем смартфон. Этим она и привлекает путников: вам нет необходимости думать куда ее положить, книга помешается как в самый маленький карман сумку, так и в нагрудный карман вашей куртки. Интересно, что на появление этой книги повлиял политик Бердибек Сапарбаев. Шархан и нынешний аким Актюбинской области жили пососедству и тесно общались. Однажды, услышал очередной рассказ журналиста Бердыбек Машбекович спросил «Шархан, а почему не написать тебе книгу?». Он написал. Уделите 2 часа дороги на ее прочтение. Но одного раза будет мало, нужно перечитать несколько раз чтобы дать полную оценку.


Оқуға ұсынамыз


Әкесін іздеген ұл

Базарбайқызы М. Әкесін іздеген ұл
Бүл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.


Шатақ қыздың шатпақ күнделігі

Домбайжы, Н.
Шатақ қыздың шатпақ күнделігі / Нұр Домбайжы. – Астана : Фолиант, 2019. – 128 б.
Оқуда алғырлық танытпайтын, қашан көрсең біреумен ренжісіп жүретін, тіпті ешкіммен дұрыс араласпайтын құрбың бар ма?
Біздің Бүш те сондай еді, шашы ұйпа-тұйпа болып, қолына түскенін киіп кете баратын. Қыздардан гөрі ұлдармен дос болып, футбол ойнағанды ұнататын. Ал анасы үнемі: «Кәдімгі қыздар сияқты жүрсеңші», — деп ренжитін…
Күндердің күнінде өзін қолға алмақ болып, Бүш күнделік жаза бастады. Сөйтіп өзгеру жолындағы жеңістері мен жеңілістерін күнделігімен бөлісіп отырды. Қалай ойлайсыз, бұл оның қолынан келер ме екен?


Ыбырай атамның әңгімелері

Ыбырай атамның әңгімелері – Комикс үлгісінде жасалған әңгіме-ертегілер / құрастырған Битан А. – Астана, 2018. – 32 б.
Ұлтымыздың ұғымындағы ең құрметті тұлғалардың бірі, ұстаз Ыбырай Алтынсары балаларға арнап бірнеше ертегі, әңгіме жазып кеткен. Олардың көбі осы уақытқа дейін оқулықтарға, әртүрлі кітаптарға еніп келді, мультфильмдер де түсірілді. Енді құрастырушылар сол ертегі, әңгімелерді комикс үлгісіне көшіріп, суреттерін салып, мәтіндерін осы жанрға бейімдеп оқырман қауымға ұсынып отыр. Адамгершілік, еңбекқорлық, өмірсүйгіштік сияқты қасиеттерді нас


«Менің атым Қожа» 

Қазақстанның ең үздік балалар повестерінің бірі «Менің атым Қожа».
Бұл — сотқар бала туралы қызықты шығарма. Қазір ондай тентектерді «қиын бала» деп атайды. Қожа сотқар болғанымен өзіне жетерлік ақылы бар. Алайда өзіне күлкілі көрінгенімен, кейде жолдастарына жақпайтын қылықтары үшін жайсыз оқиғаларға тап болады. Көркем туындыда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген. «Менің атым Қожа» шығармасын оқығанда әркімнің балалық шағы есіне түсетіні сөзсіз. Балалық шағыңызға тағы бір саяхат жасағыңыз келсе, көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың жаңадан өңделіп басылып шыққан кітабын оқыңыздар!


Қазақстан халықтарының ертегілері

Қадірлі ертегі сүйер қауым! Сіздерге Б. Қайымованың «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабын ұсынамыз!
Ертегі — қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих-тағлымы, салт-санасы, дәстүр-ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр. Егеменді елімізде бір ананың егіз емген балапандарындай өркендеп өсіп келе жатқан әрбір ұлт пен ұлыстың өскелең ұрпақтары да өзара етене жақын өсулері үшін осы бір тәлімді тәмсілдерден сусындап, бір-бірінің тарихы мен тағлымын, салты мен дәстүрін осы ертегілерден оқып, тұшына білгені абзал.
Жинақтағы ертегілер — егемен Қазақстан жерін мекен еткен бауырлас халықтардың ежелгі ауыз әдебиеті жаhұттарының озық үлгілерін ұсынған.

Қазақстан халықтарының ертегілері:
(Ұйғыр, Дұнған, Әзірбайжан, Белорус, Шешен-Ингуш, Украин).

(Құрастырып, орыс тілінен тәржімалаған Бибісара Қайымова).


Алма ағашы гүлдегенде

Көзікоғлу, Т.

Алма ағашы гүлдегенде / Түлин көзікоғлү; (түрік тілінен ауд. Д. Бахытбек). – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 48 б.
Кішкентай Эла сабаққа барғысы келмейтін. Одан да алыстағы ауылды қызықтау қатты ұнайтын. Жақсырақ көрінуі үшін ағашқа өрмелеп шығып та алатын.
Күндердің күнінде ағаштың бір бұтағы сынып, Эла құлап кетеді. Сол кезден бастап кішкентай қыз ағашқа қамқорлық көрсете жүріп, өзінің де жазылып келе жатқанын байқамай қалады…


Естеліктер музейі

Янна де Латхаудер
Естеліктер музейі / Янна де Латхаудер. – Астана: Фолиант, 2018. –28 б.
Уил үкінің үйі неше түрлі затқа толы. Тіпті ине шаншар жер жоқ… Сонда орын болмайтындай үйде не бар еді? Бұның жауабын ешкім де білмейтін, себебі бірде біреу үкінің үйінде қонақ болып көрмепті. «Өзіме де обал жоқ, — деп мұңаятын Уил. — Достарымды шақырайын десем, үйімде бос орын жоқ». Кім білсін, өстіп жүре бере ме еді, Эйкхорн көмекке келмегенде…

Кітапта педагогиканың негіздері, оқыту және тәрбие теориялары мен принциптері, әдістері, педагогикалық шеберлікті қалыптастыру негіздері, мектептану және педагогика тарихы мен озық тәжірибені зерттеу, жинақтау мәселелері қамтылған.

Оқулық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған.


Сені қаншалықты жақсы көретінімді білесің бе?

Макбратни, С.
Сені қаншалықты жақсы көретінімді білесің бе? / Сэм Макбратни; Ауд. А. Сейсембаева. – Алматы. Жетіген Медиа, 2015. – 32 бет.
Кейде біреуді қатты жақсы көргеніңде, сезіміңнің қандай мықты екенін білдіргің келеді. Бірақ, осы кітаптағы Үлкен Қоян мен Кішкентай Көжек туралы әңгіме бізге сүйіспеншілікті өлшеу оңай емес екенін ашады.


Ғажайып Түс

Ғажайып Түс. Ертегі / баяндауы мен суреттемелері руф Сандерсондікі; ауд. Ж. Ешмұратова. – Астана. Фолиант, 2017. – 32 бет.


Күндердің бір күнінде Анна есімді тоқымашы ғажайып түс көреді. Түсіне енген ертегідей ғажап мекенді жібек жіптермен зерлеп, оны кілемге түсіре бастайды… Кілем де тоқылып бітеді. Анасы кілемді үш ұлымен тамашалап тұрған сәтте, қатты жел соғып, оны белгісіз жаққа ұшырып әкетеді. Өзінің мықтылығымен танылған үлкен ұлы Леон, ортаншы ұлы — зерек Блейн кілемді аналарына қайтарып әкелуге уәде береді. Алайда Леонның күші де, Блейннің асқан ақылдылығы да Хрусталь тауда жасырынған кілемді табуға жеткіліксіз еді. Олар кері оралмаған соң үйдің кенжесі Перрен жолға шығады. Өзіне деген сенімділігі мен өнерінің арқасында перизаттардың түрлі сынағынан аман шығады. Осылайша ертегінің елеусіз қалған қаһарманы кез келген қиындықтарға төтеп беріп, ақыр аяғында жеңіске жетеді. Руф Сандерсонның баяндауындағы бұл тамаша ертегі өз оқырманын ерекше сиқырымен баурап алады.


Су тамшысының әлемді аралауы

Су тамшысының әлемді аралауы / Сара Гюрбюз Озерен ; — Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 128 бет.
Балақай, жер бетінде ең көп тараған не деп ойлайсың? Дұрыс айтасың, ол — су. Глобусқа немесе картаға қарайықшы, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Яғни су өте көп деген сөз. Су тіпті бүкіл тіршілік атаулының бойында бар. Судың тағы бір кереметтігі — оның жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі. Осылайша жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Ендеше, кішкентай су тамшысының әлемді аралап, кейде бу болып аспанға ұшқанын, кейде жаңбыр болып жерге жауғанын, қалай сұп-суық мұзға айналғанын өз аузынан естіп көрейік.


Алтын кілт

Макдональд. Дж.
Алтын кілт / Дж. Макдональд ауд. Ф. Тобашалова. – Астана: Фолиант, 2018. – 136 бет.
«Алтын кілт» ертегі хикаяты алғаш рет 1860 жылы «Dealing with the Fairies» атты әңгімелер жинағында жарық көрген. Бұл ертегі британ балалар әдебиетінің алтын қорына енген. Әр жылдары жеке кітап болып түрлі нұсқаларда да басылған. Кейінірек скретчборд техникасымен салған суреттерінің арқасында иллюстратор Руф Сандерсон осы хикая үшін ерекше маңызға ие жарық пен көлеңкенің еліктірер бейнелілігін шебер көрсете алды. Автордың шығармада айтар ойы өзгеше, себебі ол ертегінің негізгі мәнін оқырман өзі ұғынуы үшін әдейі жұмбақ күйінде қалдырған. «Алтын кілт» ертегісі қиял-ғажайып сарындағы шындыққа негізделген, сондай-ақ сиқырға толы шытырман ертегі ретінде де қабылдауға болады. «Алтын кілт» — британ балаларының бірнеше буыны өзінше ашқан және таныған құпия. Енді біздің жас оқырмандарымыз да Джордж Макдональд жасаған сиқырлы елге, сиқырлар, ғажайыптар мен шытырман оқиғалар әлеміне сапар шегіп, әлемнің көз тартар әсемдігі мен ғаламатын сезінуге көмектесетін өзінің алтын кілтін іздей алады.