2022 жылдың 6 қазанында 1-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Бұл сайысқа 8 жұмыс ұсынылды. Ұсынылған әр жұмыс өзекті болды. Сайыстың қорытындысы бойынша орын алған қатысушылар мадақтамамен, және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. 5 жұмыс ауданға жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, аудандық кезеңіне сәттілік тілейміз!