Психологиялық қызметы

Психологиялық қызметтің мақсаттар мен міндеттері

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбиелеу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің жұмысы мыналарға бағытталған:

— оқуда, мінез-құлықта және әлеуметтенуде қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдердің, бейімсіз оқушылардың, ерекше білім беру қабілеті бар оқушылардың, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылардың проблемаларын шешуге көмек көрсету;

— әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж оқушыларға ұйымдастырушылық-тәрбиелік, профилактикалық және түзету әсері, ағартушылық қызмет;

— білім беру ортасының қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайларын жасауға, денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын қолдауға жәрдемдесу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

            1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу  және өзін-өзі дамыту қабылетін қалыптастыру;

             2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

              3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыны жеке тұрғыдан қамтамасыз ету;

              4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық  әлеуетін дамыту;

              5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

               6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

              7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге (немесе оларлы ауыстыратын тұлғаларға) консультациялық көмек көрсету;

              8) оқу тоқсанында тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) анықтау және олардың алдын алу;

              9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары білім алушылар болып табылады:

     1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (суицидке) бейім не бұрын суицид жасауға әрекет жасаған;

     2) пайдалануға бейім не психикаға белсенді әсер ететін заттарды, спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарды тұтынатын;

     3) құқық бұзушылықтар жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар кірмейді;

     4) әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасылардан шыққан;

     5) толық емес отбасыларда тәрбиеленушілер;

     6) өзіне-өзі қол жұмсау немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған жақын туыстары немесе достары;

     7) суицидтік бағыттағы интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кірушілер және тіркелгендер;

     8) тестілеу нәтижелеріне және өмірлік жағдайдың мән-жайларына сәйкес өзге де білім алушылар.

Жаңалықтар Психологиялық қызметы әдістемелік жұмыс

​2022 ж 22 желтоқсаны психолог күніне орай оқушыларға «Бақыттымыз-бәріміз!» атты психологиялық апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: өмір адам баласына бір ақ...
Толық оқыңыз
Ата-аналарға Жаңалықтар Оқушыларға Психологиялық қызметы

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Республикалық науқан аясында мектеп қабырғамызда көп іс шаралар жүзеге асты. Солардың ішінен қаламыздың тұрғындарына және мектебіміздің ата-аналарына...
Толық оқыңыз
Ата-аналарға Жаңалықтар Оқушыларға Психологиялық қызметы

"Есірткі өлтіреді!", Электрондық темекінің зияны атты тақырып аясында интелектуалдық ойын ұйымдастырылды. Сонымен қатар " Ассоциация, соқыр мен жетелеуші ойыны жүргізілді....
Толық оқыңыз
Ата-аналарға Жаңалықтар Оқушыларға Психологиялық қызметы

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" Республикалық науқан аясында Жітіқара қаласы және Жітіқара аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі...
Толық оқыңыз
Психологиялық қызметы

Гендерлік зорлық-зомбылық - бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін ұзақ мерзімді салдарға алып келетін адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзушылығы...
Толық оқыңыз