Гендерлік зорлық-зомбылық — бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үшін ұзақ мерзімді салдарға алып келетін адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзушылығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгін әлемде сексуалдық зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард зардап шеккен, және әрбір үшінші әйел өз өмірінде физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болады. Бұл гендерлік зорлық-зомбылықты заманымыздың ең жүйелі және кең таралған адам құқықтарын бұзушылықтарының бірі екенін көрсетеді. Зиянды гендерлік стереотиптер, гендерлік теңсіздік және патриархалдық құрылымдар зорлық-зомбылыққа өз ықпалын тигізеді. Біздің бәріміздің гендерлік тиістілік, нәсіл, этникалық тегі мен ұлтымыз, дін тағы басқа мәртебеге қарамастан, тең қарым-қатынас орнатуға құқығымыз бар.
Физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық — әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықзомбылықтың жалғыз түрі емес. Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық та қатты әсер етеді. Біз көшеде, үйде, жұмыста немесе интернетте кез-келген адамға қауіп төнуі мүмкін әлемді қабылдай алмаймыз. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өзінің «Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдарға үндеуі» сөзінде атап өткендей, біз гендерлік зорлық-зомбылықты қазір жоюымыз қажет.
Біз азаматтық қоғамның гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жоюдағы жетекші рөлін мойындаймыз және олардың берілген саладағы жұмысын ынталандырамыз әрі қолдаймыз.
25 қараша Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күнін атап өте, сондайақ «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқанының басталуын білдіреді. Бұл науқан өзекті мәселелер бойынша хабардарлықты арттырудың және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі күрделі қоғамдық пікірталасты қолдаудың баға жетпес құралы болып табылады.