​2022 ж 22 желтоқсаны психолог күніне орай оқушыларға «Бақыттымыз-бәріміз!» атты психологиялық апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету; адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту;балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. 2-4 сынып оқушыларымен дамыту жұмыстары мен психологиялық ойындар өткізілді. 5-11 сынып оқушылар арасында тренингтер, ойындар,сайыстар өткізілді. 6 сынып оқушылары «Мен өміріме ризамын» тақырыбында плакат салды. Апталық барысында алдымен «Адам өмірі-басты құндылық» туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар «Өмір және адами құндылықтары туралы» пікірлессе, «сөйлемді жалғастыр» ой қозғау кезеңінде оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар бойында адами құндылықтарды дамытуда, бір-бірінің қарым-қатынасын нығайтуға арналған психотренигтер жүргізілді. Өз бойындағы «Жақсы мен жаман қасиеттер», «Менің мақсатым» атты психологиялық тренинг жүргізілсе,соңында «Қызықты да әдемі өмір сүру үшін..» атты психологиялық кеңес берумен аяқталды.

Педагог-психолог: Умралинова А.Б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.