Қысқы уақытта елімізде ауа-райы жағдайын болжап айту қиын екендігі белгілі. Кейде, далада жүрмек түгіл, шығуға да мумкін емес болатындай жағдай тууы мүмкін, сондықтан біздің елімізде мектептер мен колледждерде сабақтар жиі тоқтатылады. Бірінші кезекте қандай ауа райы жағдайларында сабақтар тоқтатылатыны туралы түсініп көрейік, тоқтату қағидалары туралы, сондай-ақ бүгін мектепке барудың қажеті жоқ екенін қалай білуге болатынын біліп алайық.
Қандай дереккөздер мектепте (колледжде) сабақты тоқтату туралы сенімді ақпарат береді?
Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларына сәйкес халыққа ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру туралы ақпаратты мемлекеттік білім беруді басқару органдары келесі тәртіппен жариялайды:
- телевидениеде жүгіртпе жол түрінде;
- радиода трансляциялау арқылы;
- 169 (ақылы анықтама) немесе 109 (ұялы телефоннан тегін) телефоны арқылы;
- ресми интернет-ресурсында Facebook, Instagram.
Халыққа тек қана сабақтар тоқтатылған жағдайда хабар беріледі
Мемлекеттік білім беруді басқару органдары күнделікті негізде ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде ведомстволық бағынышты білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату мониторингін жүргізеді.
Қандай ауа-райы кезінде сабақтарды тоқтатады?
Білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату бекітілген сабақтарды тоқтату туралы хабарлау үшін ұсынылатын қолайсыз ауа-райы метеожағдайлары көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының, не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
Сізге ыңғайлы болу үшін, төменде белгілі бір сыныптарда сабақтарды тоқтату үшін температуралықкөрсеткіштері бар кесте келтірілген.
Ауа температурасы | Желдің жылдамдығы | Сабақтарды тоқтату үшін |
-25-29 және одан төмен | 2-4 м/с | 0-4 сынып |
-25-29 және одан төмен | 5 м/с және одан жоғары | 0-9 сынып |
-30-34 және одан төмен | 2-4 м/с | 0-9 сынып |
-30-34 және одан төмен | 5 м/с және одан жоғары | 0-11 (12) сыныптарКолледждерде 1,2 курстар үшін |
-35 және одан төмен | 2 м/с және одан жоғары | 0-11 (12) сыныптарКолледждерде 1,2 курстар үшін |
Ата-аналарға метеодеректер, сондай-ақ интернет-қолданбалы бағдарламалары және басқа да тексерілмеген көздері арқылы алынған өзге ақпаратты ПАЙДАЛАНБАУҒА ұсынылады
Сабақтар тоқтатылған күндері қалып қойған оқу материалының есесін қалай толтырады?
Кейде аязды күндер ұзақ уақытқа созылып нәтижесінде қажетті оқу материалы жоспары бұзылады. Осындай жағдайларда білім беру ұйымдары қандай шаралар қабылдайды?
Егер сабақтар 5 күннен артық мерзімге тоқтатылса, онда оқу пәндерінің мазмұнының интеграциялануын, резервтік сағаттар және қайталауға бөлінген сағаттарды ескере отырып құрылтайшының келісімі бойынша білім беру ұйымының жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспарына түзетулер енгізу қажет.
Өтіп кеткен оқу уақытын демалыс есебінен немесе шекті рұқсат етілген оқу жүктемесін ұлғайту арқылы өтеуге болмайды
Білім беру бағдарламаларын білім алушыларға толық көлемде өткізу мақсатында ұстаздар әр түрлі өзіндік жұмыс нысандарын, соның ішінде дистанциялық оқыту нысандарын қолданады. Қолданылатын жұмыс нысандары, өзіндік жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мұғалімдер, сынып жетекшілері жеткізеді.
Сонымен қатар, сабақтар тоқтатылған күндері білім алушылар педагогтардың талаптарына сәйкес тапсырмаларды дистанциялық тәртіпте өз бетінше орындауы және орындалған тапсырмаларды тексеру үшін ұсынуға тиіс.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері), өз кезегінде, сабақтарды тоқтатқан күндері балаларының ұй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Егер бала сабақтар тоқтатылған күні мектепке (колледжге) келсе?
Сабақтар тоқтатылған күні келген білім алушылар үшін бақылау жұмыстарын және пән бойынша жаңа тақырыпты өтуді қоспағанда барлық сабақ түрлері (оқу, қосымша, үйірме, ұзартылған күн топтарының жұмысы), сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшы бекіткен және құрылтайшымен келісілген сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі.
Сабақ кестесіне сәйкес барлық журналдардың түрлерінде күні қойылады, ал «Сабақтың тақырыбы» бағанында «актіленген күн» деп жазылады. Сабақтар тоқтатылған күні орындалған жұмыс үшін білім алушыға баға түзету енгізілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес келесі оқу сабақтары күндерінде журналдың бағанына қойылады.
Ата-аналар (заңды өкілдер) өздерінің баласы сабақтар тоқтатылған күні білім беру ұйымына баратыны туралы шешім қабылдаған жағдайда оның білім беру ұйымына және кері қарай жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.