Қазақстанда 2021 жыл
Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай
«Бір ел – бір кітап»
республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында
«30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»
атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы
30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.
- Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»,
- Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным»,
- Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»,
- Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы»,
- Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары»,
- Бақытжан Канапьянов «Достояние души».
- Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»,
- Тобық Жармағамбетов «Отамалы»,
- Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»,
- Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»,
- Даурен Куат «Бөрісоқпақ»,
- Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».
- Рахымжан Отарбаев
«Айна ғұмыр»,
- Дулат Исабеков
«Жеті желкен»,
- Мадина Омарова
«Көмбе нанның дәмі»,
- Иран-Ғайып
«Қорқыттың көрі»,
- Думан Рамазан
«Пешене»,
- Сая Қасымбек
«Жанталас».
- Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»,
- Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»,
- Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»,
- Толымбек Абдырайым «Алабұға аулаған күн»,
- Зира Наурызбаева, Лиля Калаус
«Алтын тостағанды іздеу»,
- Мәди Айымбетов
«Бар болғаны он төрт жас».
- Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»,
- Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»,
- Ахметов Әділ, Агата Кристи
«Ғайып болған миллион»,
- Меллат Төлеген, Халид Хусейн
«Жарқыраған мың күн»,
- Мазен Динара, Ж.К. Роулинг
«Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»,
- Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук
«Менің атым – Қырмызы».
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан қойылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» кітап көрмесінде поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың 30 ең үздік жұмыстары, сондай-ақ осы авторлардың әр жылдары жарық көрген кітаптары ұсынылған.