«Сән» күні Ұлттық киімдерге арналған

Этнолагерьге келетін балалардың әр уақыты құнды әрі жүйелі өту мақсатында түрлі сабақтарға, үйірмелерге қатысты. Бүгінгі күннің яғни (Дүйсенбі 10.06.2024) тақырыбы «Сән» күні Ұлттық киімдерге арналды. Бұл күнді балалар таңғы жаттығудан бастап, тақырыпқа сай мақал-мәтел мен жұмбақ жасыру мен шешу жарысына түсті. Ұлттық киімдерімізге деген қызығушылығын арттыру барысында балалар өздері қалаған түспен әртүрлі ұлттық киімдердің суретін әртүрлі бояулармен бояп әшекейледі. Келесі кезекте ауданымыздың Балалар шығармашылық үйіне барып, өз шығармашылықтарын шыңдап қайтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.