Мектебімізде Ұстаздар күніне орай 9-10 сынып оқушылары мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 5 қазан күні “Өзін-өзі басқару күні” өтті.
Бұндай іс-шаралар оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асырып, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелейді. Өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеуге көмектеседі.