«Менің алғашқы сабағым”

Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебінде «Менің алғашқы сабағым” атты флешмоб ұйымдастырды. Флешмоб барысында мектебіміздің білім алушысы: Калтаева Инабат Айжарыққызы бастауыш сыныпқа педагог рөлінде кәсіби сынақтан өтті. Бұл болашақ мұғалім ретінде толқуды, жауапкершілік сезімін және сонымен бірге қуаныш пен шабытты сезінді.Ол өзінің сезімін былай жеткізді:. Мен әрбір оқушыға білім беруге тырыстым және балалардың менің түсіндірмемді қызығушылықпен тыңдайтынын және мен түсіндірген материалды түсінетінін көргеніме өте қуаныштымын, бұл менің мұғалім мамандығын таңдауға деген ұмтылысымды арттырады! Мен өзімді мұғалім ретінде сынап көруге мүмкіндік бергеніме қуаныштымын. Мен болашақта бастауыш пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түскім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.