БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Жасөспірімнің мамандық таңдауы – өмірдің маңызды әрі жауапты кезеңі. Мамандық таңдау уақыты келгенде, жасөспірім өзіне «Маған не ұнайды? Кім болғым келеді?» деген сұрақ қояды. Әдетте жұмысымызға өміріміздің көп бөлігін бөлеміз. Мамандықтар әлемінде өз орнын табуға деген ұмтылыс кез келген адамның табиғи қажеттілігі. Бірақ көбінесе ол пайда табу (көп ақы төлей- тін жерге барамын) немесе ыңғайлылық (жұмысқа орналасу оңай болатын жерге барамын) себептерімен алмасып кетіп отырады. Кейбіреулер дәл осылай істесе де, қызметтің қанағаттану сезімі мен қызығушылық тудыруы маңызды екенін түсіну керек. Мұны кәсіби жолын таңдау алдында тұрған жасөспірім ғана емес, оның ата-анасы да түсінуі қажет

Балаға дұрыс таңдау жасауға не көмектеседі?

Кәсіби бейімділіктерді диагностикалаумен психологтар айналысады. Жасөспірімде өз мақсаты туралы сұрақ туындаса, мектебіндегі психологқа жүгіне алады, интернеттен табуға болатын сынақтардан өте алады. Мектептерде барлық жоғары сынып оқушылары писхологтармен жүргізілетін кәсіби бағдарлау тренингтерінің қатысушылары болады.

Ата-ана қалай көмектесе алады?

Жасөспірімнің мамандық таңдауына көмектесу үшін ата-ананың өзі мамандықтар туралы көп нәрсе білуі керек. Мүмкін болса, белгілі бір салада өзін сынап көруі үшін жасөспірімді бірнеше апта бойы тағылымдамадан өтуге жіберуге болады.

Өздеріңіз білетіндей, сансыз мамандық бар. Оларды қалай таңдауға болады? Ол үшін олар бір-бірінен қалай ерекшеленетінін жақсы түсінуі, көп кәсіптің негізгі белгілерін айыра білуі керек. Ең алдымен, кәсіптің бірнеше түрі олардың еңбек пәніне байланысты ерекшеленетінін айту керек.

Еңбектің негізгі пәндері:

  • адам (адамдар арасында қарым- қатынас орнатумен байланысты барлық кәсіптер: дәрігер, мұғалім, сатушы, жаттықтырушы);
  • табиғат (тірі табиғатпен байланысты мамандықтар, мысалы: ветеринар, гүл өсіруші, агроном, эколог, биолог, зерттеуші);
  • техника (байланысты құру, техникалық құрылғыларға қызмет көрсету, пайдаланумен байланысты мамандық, мысалы: машинист, жүргізуші, инженер);
  • таңбалық жүйелер (құжаттармен, мәтіндермен байланысты мамандықтар, мысалы: аудармашы, есепші);
  • көркем образдар (бейнелеу өнерімен, әдеби шығармалармен, кинематографиямен байланысты мамандықтар, мысалы: суретші, мүсінші, жазушы, режиссер);

Ата-ананың негізгі міндеттері:

Сонымен ата-ананың негізгі міндеті не? Ата-ананың көмегі қандай және қандай көлемде болуы керек?

Біріншіден, бала өз таңдауын жасауы керек. Бұл баланың (және болашақ ересек адамның) өз кәсібіне, жұмысына қалай қарауының маңызды факторы.

Бірақ таңдау дербес қана емес, сонымен қатар саналы (ойластырылған және жауапты) болуға тиіс, баланы кәсіби бағдар мәселе- лерінде жақсылап дайындаған маңызды:

  • мамандықтар, еңбек нарығы, білім беру нұсқалары туралы ақпаратты табуға көмектесіңіз және бірге шешім қабылдаңыз;
  • бала кәсіби бағдар бойынша бірнеше тестен өтсін (тесті мамандандырылған әдеби- еттерден табуға болады) немесе оны диагностикалау үшін психологқа апарыңыз;
  • жасөспіріміңіздің негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз (қызығушылықтар, қабілеттер, жеке қасиеттер, құндылықтар) және оларды әртүрлі мамандықтармен салыстырыңыз;
  • балаңыз оқитын мектепте кәсіптік бағдар- лау курстары болса, оны жасөспірімге ұсыныңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.