6.01 күні «4 жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Ахмет Байтұрсынұлының ізімен” атты квест өтті.
Мақсаты:Өскелең ұрпаққа патриоттық және ұлттық тәрбие беруге, өз елінің тарихи-мәдени мұрасына құндылық көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
Квест жоғарғы сынып оқушыларынан 8 адам қатысты. Салтанатты ашылуда командалар маршрут парағын алып, оның негізінде олар жүріп өтеді. Маршрут 7 бөлімнен тұрды.
Біздің мектептің «Болашақ жастар» командасы қатысып, өз білімдерін ортаға салып сыналды.
Квестке 8-сынып оқушылары Боранбай Ерсултан, Калтаева Инабат, Торебекова Жайна, Тойбол Марина, 9-сынып оқушысы Шаувенова Арайлым, 11-сынып оқушылары Елубаева Дильназ, Изтелеуева Айгерим, Хазез Раушан қатысты.
Квест нәтижесі бойынша мектептің «Болашақ жастар» командасы 2️⃣ орынды иеленді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.