Қысқы демалыс уақытындағы «Қызықты кітаптар» атты аудандық кітапханаға 5-6 сыныптар арасында топсеруен ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, кітапхана жұмысымен таныстырып, қызықты кітаптар арқылы оқушының рухани байлығын, ой—өрісін дамыту. Кітапхана жұмыскерлері балаларды кітапхана жұмысымен таныстырып, түрлі жұмбақтар жасырып, викториналар өткізді.