Жыл сайын 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді. 2022 жылдың қараша айында облыста «Теңдік уақыты» ұранымен айлық өтеді.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде мектеп психологы Умралинова А.Б,мектеп медбикесі Сәдірхан Д.Д, әлеуметтік педагог Сагнаева М.Б, және «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК
Комракова С.И. салауатты өмір салты кабинетінің медбикесі
ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қараша айының 9-на «Абайлаңыз СПИД-тен» атты кездесу ұйымдастырылды. АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын — алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары және бұл аталған ғасыр індеті АИТВ жұқпасының адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі, қазір жер шарындағы барлық мемлекеттерде осы қатерлі аурудың тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндалды.
Республикадағы, Қостанай облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетіліп, жастар арасында осы мәселе жөнінде білімдерін жоғарлату мақсатында сауалнама жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар тарапынан жүргізуші маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған толық жауап алынды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары –буклеттер мен үнпарақтар таратылды.