Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беру мектебінде ұстаздар арасында
«Эмоционалды интеллект» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты — өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен эмоционалды өзара әрекетті дамыту болды. Тренинг барысында ұстаздар эмоцияларын ұстап және сезімдеріне талдау жасап үйренді..Эмоция адам үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады, олар қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет. Аталмыш шара барысында «Ассоциациялар», «Эмоцияны көрсет», «Эмоционалды шынжыр» және т.б. ойындар өткізілді. Осы әдіс, тәсілдердің барлығы тыңдаушылардың өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну үшін және өз эмоцияларын басқару үшін қолданылды. Тренинг қорытындылары бойынша әр қатысушы өзінің әдістемелік жинақ сандықшасына көптеген қызықты идеялар мен тәсілдерді ала алды. Шара мектеп психологы Умралинова А.Б өткізіп жүрген барлық шаралар сияқты өте қызықты және мағыналы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.