2022 жылғы 28 ақпанда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу сауаттылығының маңызы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.
11 ауданның мұғалімдерінің қатысуымен өткен шеберлік сыныбына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында практикаға бағытталған тапсырмалар арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбымен «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сафура Асқарбекқызы Тлекешева қатысты. Білімді тәжірибеде қолдану және тексеру үшін интерактивті жаттығулар жасауға мүмкіндік беретін онлайн қызмет —LearningApps серверінде жұмыс жасаудың ерекшелігі мен оқушыны мәтінге енгізілген ақпараттың барлық түрлерін қабылдауға үйрету тәсілдерін көрсете отыра өз тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық деңгейде алғаш рет шеберлігімен бөліскен Сафура Асқарбекқызының еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз.