Өзін-өзі тану онкүндігі аясында біздің мектепте демеушілерді тарта отырып «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық марафоны басталды. Мектептің 1 – 6 сынып оқушыларына оқу құралдары (дәптер, қалам, жай және түрлі-түсті қарындаштар, сызғыш, өшіргіш) табысталды. Қайырымдылық марафоның ұйымдастыруға өзін-өзі тану мұғалімі Ф. Б. Латыпова және әлеуметтік педагог М. Б. Сагнаева тартылды.