
Мектеп жанындағы «Ұлттық» этнолагерьде демалушы оқушылар аудандық «Ғаламшардың тағдыры біздің қолымызда!» экологиялық акция-үндеуге қатысты. Мақсаты: Қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылардың бір тобы «Ғаламшардың тағдыры біздің қолымызда!» атты ұранмен шағын аудандарға шығып, табиғатты қорғауға шақыратын кітапшалар таратты.