«Демалыста кітап оқимыз»

“Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 мектебінің” оқушылары жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында оқушыларға арналған «Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингіне қатысты.
Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу.
Буккроссингке Қазақстан Республикасының барлық мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Буккроссингтің міндеті: қазақстандық оқушыларды акцияға қатысуға тарту арқылы олардың оқу белсенділігін арттыру.
Буккроссингтің мәні — жазғы демалыста кітап оқу. Акцияның әрбір қатысушысы акцияның басқа қатысушыларының кеңесіне сүйене отырып, алдын ала белгіленген тізім бойынша кітаптарды оқи алады немесе кітаптар тізімін жасай алады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.