Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған. Осы орайда «Жітіқара қаласы Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беру мектебі» 9 – 10 сынып аралығында Қаныш Сатпаев Имантайұлының құрметіне География пән мұғалімі: Нысанбаева Айгүл Нұрланқызының ұйымдастыруы мен «Қызықты География Әлемінде» атты іс – шара өткізді.