3 сынып оқушылары ауданымыздың орталығына шығып құстарға жем беріп, өздерінің қамқорлығын танытты.Құстарды қорғау- табиғатты қорғау
Табиғатта адамға өзінің күнделікті іс-әрекетімен пайда келтіретін өзгеше боп жаратылған тіршілік иесі бар. Ол- құстар. Өмірімізді құссыз елестету қиын. Көл де, көк те, тау да, орман да, жазық дала да құсымен сәнді. Ал құстардың адамға тигізер пайдасы ұшан-теңіз.