01.02.24. күні «Бірлік» бастауыш сынып бірлестігінің «Жаңа Қазақстан, жаңа мектеп, жаңа бастауыш» атты апталығында 1-4 сыныптар арасында понарамалық сабақ болды. Понарамалық сабақта Тулубаева К.С. 1-сынып оқушыларымен ана тілінен «Буын және жуан,жіңішке дыбыстар»тақырыбында жұптық жұмыс түрлерін көрсетті,Қазанбаева Ж.Ж. 2-сынып оқушыларымен математика пәнінен « Көбейту және бөлу» тақырыптарына байланысты топтық-сайыс сабағы , Шанкамилова Ж.Ж 3-сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен «Тәжірибе алаңы» зерттеу жұмысын, Абдирова Айзат Еликбаевна 4-сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Оқуға құштар « жобасы аясында « QR» код арқылы ұлы ақын ,жазушылардың өлеңдерін,әңгімелерін оқу және оқу сауаттылығына тапсырмалар орындау арқылы понарамалық сабақ өткізіді. Сабақ мақсатына жетіп, жоғары деңгейде болды. Сабаққа мектеп әкімшіліктері, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, тәрбиешілер қатысып өздерінің пікірлерін қалдырып ,сабаққа кері байланыс жасады. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға сап түзеуде марапаттау табыс етіледі.