Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы мен «Үндестік»жобасы аясында мектебімізде 15қаңтар күні ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
— Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар.
— “Дені сау бала — болашақ жемісі”
— I жарты жылдық оқу — тәрбие жұмысының қорытындысы және өзге де сұрақтар мен мәселелер қарастырылып, талқыланды. Жиналыс барысында отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, балаларды қазақ мектебіне тарту туралы сөз қозғалды.
Мектеп психологы ата-аналармен треннингтер өткізіп, қазіргі таңда өзекті мәселе болған психоактивті заттар жайлы ақпарат бөлісіп, сауалнама алды.
Жиналыста мектеп ауласын безендіруге ат салысқан ата-аналарға алғыс айтылып, марапат берілді.