08.01.2024 ж. күні мектебіміздің педагогикалық ұжымымен кезекті Педагогикалық әдеп отырысы өтті. Отырыс барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырбек С.Ж. баяндама таныстырып, жағдаяттарды шешу арқылы педагогикалық ұжымның белгілі жағдайлардағы іс әрекетіне талдау жүргізді. “Кекшілсізбе?” тақырыбында шағын сауалнама өтіп, ұстаздарымыздың қаншалықты кек сақтайтынын, қиын жағдайдағы іс-әрекетін анықтады