2023 жылдың қорытындысы және жетістіктері

Жыл қорытындысы: ҚОӘББ «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ бүгінгі таңда – 136 оқушы білім алады. Оның ішінде: 1-4 сыныпта – 59 оқушы, 5-10 сыныптарда – 77 оқушы. Мектеп жанындағы интернатта – 5 бала, оның ішінде – 3 бала біздің мектебіміздің оқушылары, 2 бала – өзге, қала мектебінің оқушылары. Шағын орталықта – 35 бала, «Қарлығаш» кіші тобында – 15 тәрбиеленуші, «Балбөбек» ересек тобында – 20 тәрбиеленуші.
🟢 Биылғы жылы мектебімізде бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, мектептің сырты қапталып, жылуландыру жұмыстары, спорт залдың толық жөндеу жұмыстары және мектеп жанындағы интернат бірқатар жөндеуден өтті. Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында мектебіміз робототехника кабинеттерімен жабдықталуда. Бүгінгі күнге, кабинетте жөндеу жұмыстары жасалып, 10 набор робот әкелінді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап кабинетті толықтай жұмысқа енгізу жоспарлануда.
🟢 Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін күшейту үшін тиісті жүйелер, атап айтқанда, бейнекамералар, дабыл түймешелері, турникеттер орнатылып, жұмысы қамтамасыз етілген.
🟢 1 қыркүйектен бастап 86 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, олардың ішінде 59 бастауыш сынып оқушысы және әлеуметтік осал топтардан шыққан 33 бала бар.
🟢 Мектебіміздің оқушыларының ғылыми жобалар конкурстарына оқушылардың қатысу нәтижелілігі келесі: Облыстық оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы – 1,2 орын; «Зерде» республикалық зерттеу жобаларының аудандық кезеңі – 2,3 орын; Пәндік олимпиадаларға оқушылардың қатысу нәтижелілігі — 1-4 сынып арасында өткен аудандық бастауыш сыныптар олимпиадасы – 2,3 орын; 9-10 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі – екі 3 орын; «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасы — 1 орын – 12 оқушы, 2 орын – 3 оқушы, 3 орын – 4 оқушы; «Жас математик» олимпиадасы – екі 1 орын, «Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада» — 3 орын — 3, 2 орын – 2; Математика пәнінен»Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі – 1, 2 орын.

🟢Оқушылардың конкурстарға қатысу нәтижелелігі: Мультимедиялық жобалар фестивалінің аудандық деңгейі «Электронлы презентациялар» номинациясында – 1,3 орын, Мультимедиялық жобалар фестивалінің аудандық деңгейі «WEB-дизайн және WEB-бағдарламалау» номинациясында – 3 орын, Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған «ЖАС ТҰЛПАР» облыстық оқушылар айтысында ІІІ орынға ие болған – 3 орын, Ахмет Байтұрсынұлы- ұлт ұстазы – 1,2,3 орын, Аудандық Абай оқулары – екі 1 орын, облыстық Абай оқулары – 3 орын, аудандық дебат турнирлерінде – 1, 2 орындар, «Үздік спикер» номинациясы; «Солистер байқауы» аудандық конкурсы – 1 орын; «Алтын бесік – Жітіқарам» авторлық өлеңдер сайысы – 2 орын, «Сахнаның сиқырлы әлемі» аудандық байқауы – 2 орын.
🟢 2023 жылы Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі – аудандық «Өнерім саған – Қазақстан» көркемөнерпаздар байқауының – 2 орын иегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.