10 — қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Психикалық денсаулық – бұл біздің өз әлеуетіміз бен қабілеттерімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру, тиімді жұмыс істеу және қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін әрқайсымыздың жақсы өмір сүруіміздің негізі.
2023 жылдың 10 қазан күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп мектеп-психологы А.Б. Умралинова «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында оқушыларға презентация көрсетті. 5-6 сынып оқушылары «Мектепке жантанушы не үшін қажет?» тақырыбында шағын шығармалар жазды. Сабақ соңында психикалық денсаулықты нығайту және қолдау үшін жалпы сауықтыру тренинг өткізілді.