Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жүктеме сағаты -1 ставка, лауазымдық жалақы мөлшері-145 000 теңге.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы тамыз.
Құжаттар тізімі:
1) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
2) Өмірбаян;
3) жеке куәлік;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, педагог қызметкерлердің бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сотталмағандығы туралы анықтама;
10) жеке өтініш