Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда-ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды.