«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі

Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атында №9 ЖББ мектебінің кітапханасында, мектеп оқушылардын назарына 2023 жылдың 14 наурыз күні «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады.

Кітап көрмесінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, қазақтың қолөнері туралы әдебиеттер қойылды,

Көрмедегі «Наурызнама», «Адалбақан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері», той-мереке, , «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» т.б кітаптармен бірге Әз наурыздың қадірі мен қасиеті Ұлыстың ұлы күні, өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.