15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай: « Ауғанстан мәнгі есте» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Жастарды патриотизмге, батылдыққа баулу, тәуелсіздік үшін күрескен достас елдің қорғанысы мен көмегіне қол жеткізген сол ұрпақтың кейінгі ұрпақтары үшін үлгі. Сол қанды қырғынның ортасынан оралған Кеңес әскерлерінің жауынгерлеріне деген құрмет арта түспесе, кеміген жоқ.
Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар «Афганистан болит в моей душе…» П.Ткаченко, Б.Смағұлдың «Тағдыр тозағы», «Қан кешкен күндер», «Қандағар» Б.Смағулдың , С.Акимбековтың «История Афганистана» атты кітаптар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар топтамаларымен толықтырылды.