Кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор. Жаһандану мен ғаламданудың обыр ағымы және оның қауіпті ықпалы күрделеніп, күшейіп тұр. Бұл – рухани азғындауға апаратын бірден-бір жол.
«Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – депті атақты жазушы Максим Горький. Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырап, азғындыққа құламай қоймайды.