5.12.22ж. мектепте «»Бастауыш- білім бастауы» тақырыбында бастауыш сынып апталығы ашылды.
Таңғы мектепішілік саптүзеуде ӘБ жетекшісі Абдирова А.Е. оқушыларды және мұғалімдерді апталық жоспарымен таныстырды.Белсенді қатысуға шақырды.
Ашылу барысында 4 сынып оқушылар тақпақ айтып, мұғалімдер шығып мектеп оқушыларына А. Байтұрсынов туралы, ҚР рәміздері туралы сұрақтар қойды. Жаңа әдіс -тәсілді қолданып сұрақтар түрлі түсті шарлардың ішіне салып, қолшатыр арқылы өткізді. Балалар түсті таңдап, шарды жарып сұраққа жауап берді. Дұрыс жауабы үшін балаларға қаламдар сыйға берілді. Соңында бастауыш сынып мұғалімдері Абдирова А.Е:, Казанбаева Ж.Ж., Тулубаева Қ.С және бастауыш оқушылар Сапарова Амина, Төребекова Ғазиза, Қаржаубай Нұрбану «Бала тілегі» әнімен аяқтады.
Бастауы жақсы болып аяғы да солай болады деп сенеміз. Амандық пен сәттілік біздердің серіктеріміз болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.