«Өнеге» ӘБ апталығы аясында, 2 желтоқсан күні 6 сыныппен бірлесе орыс тілі пәнінен «Местоимение» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ топқа бөлінуден басталып, оқушылардың психологиялық ахуалын туғызуға ұласты. Өткен сабаққа шолу жасалып, жаңашыл әдістермен білімдері жетілдірілді Сабақ белсенді оқыту әдістері қолданылды, «LearningApps», «Classroomskrin», «Class time» бағдарламалары сабақтың қызықты өтуіне ықпал етті. Мәтінге байланысты сөздік жұмыстар, дискуссиялық карталармен жұмыстар болды. Әр топқа берілген тапсырмаларды оқушылар дұрыс орындап отырды. Сабақ жүйелі құрылған, мұғалім алдына қойған мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.