«Өнеге» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Сафура Аскарбекқызы 6 сыныбында қазақ тілі пәнінен “Астана- болашақтың қаласы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өткізілген сабақ барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым тапсырмалары сандық білім беру ресурстары бейнетаспа, wardwall тақтасы мен learningapps.org интернет қосымшалары арқылы жүзеге асты. Оқушылар пәнге деген қызығушылығын, білімдерін, шапшаң ойлау қабілеттерін көрсетті. Сабақта оқу мақсатына жету барысында жеке, топтық жұмыстар жүргізілді.