3 қараша күні «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде 6-11 сыныптардың арасында «Көркем-эстетикалық» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Қоғамда өзін-өзі ұстаудың жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру,жеке тұлғаның өнер мен шындықты эстетикалық объектілерді қабылдауға, игеруге, бағалауға дайындығын дамыту.
Міндеттері: Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау,сезіну,түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу, шығармашылық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді. Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше роль беріледі. Ол толғанта, қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарынын мәнін оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді, әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан жиренуге итермелейді.
Тәрбие сағаты кезінде барлық оқушы белсенді қатысты. Сағат барысында оқушылға видео,бейнематериал көрсетіліп,оқушылардың ойлары мен пікірлері арқылы оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жылу сөздердің мағынасын ашып түсіндіре білді. Мейірімділік, көркем, ақкөңіл,эстетика, адал сөздеріне әңгіме құрастырып,өздерінің ойларымен бөлісті.