САРАПТАМА

17-26 қазан аралығында «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде 1-11 сыныптардың арасында «Мейірімділік сабақтары» атты сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: мүгедектігі бар жандарға қамқорлық танытып, олардың қоғамның ажырамас бөлшегі екенін түсіндіру, оқушылардың инклюзивті мәдениетін қалыптастыру. Қоршаған адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыру.
Міндеттері:білім алушыларда тұлғааларлық қарым- қатынастарды орнату үшін қажетті әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамыту,білім алушыларды игі істер мен іс -әрекеттер жасауға ынталандыру.
Сынып сағаты кезінде барлық оқушы белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылыарға видео,мульфильм,бейнематериал көрсетіліп,оқушылардың ойлары мен пікірлері тыңдалды. Сөздікпен жұмыс жасалды. «Түймедақ» жаттығуы арқылы оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жылу сөздердің мағынасын ашып түсіндіре білді. Мейірімділік,тату,ақкөңіл,құрметті, адал сөздеріне әңгіме құрастырып,өздерінің ойларымен бөлісті. «Бағдаршам » ойыны ойнатылды,түрлі жағдайларды оқып беру арқылы оқушылар оларды бағалауға тырысты.Белсенділік танытты.Оқушыларды шеңберге отырғызып тақырыбын ашу үшін сұрақтар қойылды.
Ол жерде мүгедектігі бар жандардың қандай еңбекшіл, қайсар екені көрсетілді. Тіпті олардың кейбір спорт түрлерінің бірнеше дүркін чемпиондары туралы айтылды. Сабақ үстінде оқушыларға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, соған жауап беру ұсынылды. Сұрақтар егерде сыныпта, немесе жақын достары осындай жағдайды бастан өткеріп жатса, қандай іс-әрекет жасайтыны, қандай көмек көрсететіні жайлы сұрақтар қойылды. Адамдардың түрлі мүгедектігі болатыны ,бірақ, оларды ешқашан ортамыздан шектемеу керек екені туралы айтылды. Балалар өздерінің ойларымен бөлісті.
Сабақ соңында оқушылыр мүгедектігі бар жандардың басқа адамдардан ешқандай төмендігі жоқ екендігін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.