Мектебіміздегі жаңа апта жақсылықпен басталды, олай дейтін себебіміз мектептің жылдық жоспарына сәйкес 10-14 қазан аралығында «Жаратылыстану-математика пәндерінде заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың креативті ойлау дағдысын дамыту» тақырыбын негізге ала отырып жаратылыстану-математика пәндері «Зерек» әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды. Әдеттегідей танертеңгі саптүзеуде апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жерде оқушылар мен ұстаздар қауымына нақты ғылымдар туралы тақпақтар айтылып, логикалық сұрақтар ортаға салынды. 5 сынып ұлдарының атынан флешмоб көрсетілді. Бұл тек қана бастамасы, бар қызық алда. Олай болса мектеп оқушыларын және ұстаздарды барлық іс-шараға белсене қатысып, өз білімі мен білігін көрсетуге шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.