Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі
10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған.
Психикалық денсаулық – бұл біздің өз әлеуетіміз бен қабілеттерімізді жүзеге асыру, күйзелістерге төтеп беру, тиімді жұмыс істеу және қоғамға айтарлықтай пайда әкелетін әрқайсымыздың жақсы өмір сүруіміздің негізі.
2022 жылдың 10 қазан күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп педагог-психологы А.Б. Умралинова «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында 9-11сынып оқушыларына презентация көрсетті. 5 сынып оқушылары «Мектепке жантанушы не үшін қажет?» тақырыбында шағын шығармалар жазды. 6 сынып оқушылары «Мектеп жантанушы қалай көмектесе алады?» тақырыбына сурет салды. Сабақ соңында психикалық денсаулықты нығайту және қолдау үшін жалпы сауықтыру тренинг өткізілді. Ата-аналармен кездесу барысында балалардың психикалық саулығына күтім көрсету, қамқор қарым-қатынастар құра білуге психологиялық кеңестер ұсынды.