«Мектепке жол» республикалық акциясы


«Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де балалар жылы аясында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда. Акцияның негізгі бағыты-оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, мектепке бармаудың алдын алу, демеушілерді аз қамтылған отбасылар мен балаларға бекіту.
Осы акция аясында 55 оқушыға 433313 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Аз қамтылған отбасының 3 сынып оқушысы 10313 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алған мәслихат депутаттары Е.К. Колядинаға және 6 оқушыға 120000 теңгеге қысқы куртка түрінде көмек көрсеткен Ж. М. Истаевқа үлкен алғыс айтқымыз келеді.
Мектеп ұжымымен 21800 сомаға кеңсе тауарлары мен киімдерге 5 оқушыға көмек көрсетілді.
Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 18 балаға 198500 теңге көлемінде аяқ киім түрінде көмек көрсеткен «Рахат» дүкенінің кәсіпкері Домбаев Кадирбек Аханович те назардан тыс қалған жоқ. Бұл бірнеше рет жасалған акция емес, балаларға жылы аяқ киім керек кезде да жыл бойы көмек көрсетеді. Е. Есжанов атындағы №9 ЖББМ ұжымы, ата-аналар және ең бастысы оқушылар көрсеткен көмектері үшін үлкен алғыс білдіреді!
​Сондай-ақ, «КМ» АҚ, «Бренд» ЖШС және балалары біздің мектепте оқитын өз қызметкерлеріне материалдық көмек көрсеткен басқа да ұйымдарға алғыс білдіреміз.
​Барлық демеушілерге балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін Алғыс білдіреміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.