Республикалық ғылыми жобалар сайысы

2022 жылғы 12 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7-10 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының мектепішілік кезеңі өткізілді. Ғылыми жоба сайысына қоршаған ортаны қорғау, орыс тілі бағыттары бойынша жұмыстар ұсынылды. Байқауға ұсынылған ғылыми жобалардың тақырыптары қазіргі таңда өзекті болып табылады. Әділ қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың жобаларын тыңдап, оларға пысықтау үшін ұсыныстар жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.