2023 жылдың қорытындысы және жетістіктері

Ұнайды Жыл қорытындысы: ҚОӘББ «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ бүгінгі таңда – 136 оқушы білім алады. Оның ішінде: 1-4 сыныпта – 59 оқушы, 5-10 сыныптарда – 77 оқушы. Мектеп жанындағы интернатта Толық оқыңыз …

“ОйLike” атты танымдық ойыны

Ұнайды 22.12 күні мектебімізде қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында “Өнеге” әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “ОйLike” атты танымдық ойыны өтті.Ойын барысында мұғалімдер 3 топқа бөлініп 6 кезеңнен өтіп, жүлделі 1,2 және 3 орындарға ие болды.Жеңімпаздарды Толық оқыңыз …

“Өнеріміз саған,Қазақстан”

Ұнайды Мектебіміз Жітіқара ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған “Өнеріміз саған,Қазақстан” атты аудандық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестиваліне қатысып, жүлделі 2-орынға ие болып 200 000 сертификатпен марапатталды.Жеңіс құтты болсын! Құттықтаймыз

“Ұлттық сезім”

Ұнайды Әр жұма біздің мектебімізде ұлттық киім кию күні. Соған орай, біз Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы № 9 мектебі “Ұлттық сезім” атты жалпыұлттық флешмобына қатысамыз. Біз ұлттық киім киеміз!

«Асығың алшысынан түссін»

Ұнайды «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында бастауыш сыныптар арасында «Асығың алшысынан түссін» атты асықойындары өтті. Жарыс барысында 1 орынды 4 сынып, 2 орынды 2 сынып,3 орынды 3 сынып оқушылары жеңіп алды.Құттықтаймыз

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы

Ұнайды “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Балбөбек” ересек тобының тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхатқа барып, қазақ ертегілерімен танысты. Тәрбиешісі: Науразбаева Асел Даурбековна

«Ыбырай Алтынсарин оқулары-2023»

Ұнайды 15 қараша күні мектебімізде бүгінгі күні дәстүрге айналған халқымыздың тұңғыш ұстазы «Ыбырай Алтынсарин оқулары-2023» аудандық байқауы өтті.Байқауға ауданымыздың көптеген мектептері қатысты.Оқушылар 2 номинация бойынша өнерлерін көрсетті: 5-8 сыныптар аралығында өлеңді мәнерлеп оқу, ал 9-11 сыныптар аралығында сахналық қойылым номинациялары. Толық оқыңыз …

“Мемлекеттік әнұранды орындау” челленджі

Ұнайды 23.10.2023 күні мектебіміздің ұстаздары және оқушылары “Тоғыз ай — тоғыз іс-шара” жобасы аясында “Мемлекеттік әнұранды орындау” челленджіне қатысты. Мақсаты: білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.