Ұнайды Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған іс- әрекеті. Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуына, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, ұйымдастырылған іс әрекеттерді меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Тәрбиешісі:Абдирахманова.Г.С

Тарих сабағы

Ұнайды Бахрит әулетінiң Египет пен Сирия билеушісі — Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Сұлтан Бейбарыс билiгiнiң өмірі мен тарихын баяндайтын фотосуреттер кешені мен кiтаптар ұсынылды.

Экскурсиялық саяхат

Ұнайды 2023 жылғы 15 қыркүйек күні Жітіқара ауданы білім бөлімінің “Қарлығаш” балабақшасының мектепке даярлық тобы тәрбиеленушілері Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебіне экскурсиялық саяхатпен барды. Экскурсия барысында тәрбиеленушілер мектеп мұражайымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, демалыс бұрышымен таныс болды. Балабақша Толық оқыңыз …

Мектеп жобасы

Ұнайды “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында біздің мектеп оқушылары арасында күнделікті 10-20минуттай кітап оқыту дәстүрі қолға алынып жатыр.Жобаның мақсаты: оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру , сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және Толық оқыңыз …

«Егер қиын болса – жай қоңырау шал» акциясы ұйымдастырылды.

Ұнайды 2023 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында мектебімізде 5-11 сынып оқушылары арасында «Егер қиын болса – жай қоңырау шал» акциясы ұйымдастырылды.Оқушыларға сенім телефондары жазылған үлістірме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Тіл-татулықтың тірегі»

Ұнайды Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тіл-татулықтың тірегі» интеллектуалды викторина ойыны өткізілді. Ойынға 7-10 сынып оқушылары қатысты.Мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

“Сергіту сәті”

Ұнайды 8 қыркүйек күні мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары “Сергіту сәті” атты челленджіне белсене қатысты.Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау, шаршаудың алдын алып, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру.