Психологиялық қызметы

Психологиялық қызметтің мақсаттар мен міндеттері

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбиелеу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің жұмысы мыналарға бағытталған:

— оқуда, мінез-құлықта және әлеуметтенуде қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдердің, бейімсіз оқушылардың, ерекше білім беру қабілеті бар оқушылардың, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушылардың проблемаларын шешуге көмек көрсету;

— әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж оқушыларға ұйымдастырушылық-тәрбиелік, профилактикалық және түзету әсері, ағартушылық қызмет;

— білім беру ортасының қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайларын жасауға, денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын қолдауға жәрдемдесу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

            1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу  және өзін-өзі дамыту қабылетін қалыптастыру;

             2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

              3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыны жеке тұрғыдан қамтамасыз ету;

              4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық  әлеуетін дамыту;

              5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

               6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

              7) психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге (немесе оларлы ауыстыратын тұлғаларға) консультациялық көмек көрсету;

              8) оқу тоқсанында тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) анықтау және олардың алдын алу;

              9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары білім алушылар болып табылады:

     1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (суицидке) бейім не бұрын суицид жасауға әрекет жасаған;

     2) пайдалануға бейім не психикаға белсенді әсер ететін заттарды, спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарды тұтынатын;

     3) құқық бұзушылықтар жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар кірмейді;

     4) әлеуметтік жағынан қолайсыз отбасылардан шыққан;

     5) толық емес отбасыларда тәрбиеленушілер;

     6) өзіне-өзі қол жұмсау немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған жақын туыстары немесе достары;

     7) суицидтік бағыттағы интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кірушілер және тіркелгендер;

     8) тестілеу нәтижелеріне және өмірлік жағдайдың мән-жайларына сәйкес өзге де білім алушылар.

Іс-шаралар Жаңалықтар Психологиялық қызметы Тәрбие жұмыс

“Біздің мектеп буллингке қарсы”

Мектебіміздің оқушылары “Біздің мектеп буллингке қарсы” атты флешмобқа белсенді қатысты.
Толық оқыңыз
Жаңалықтар Психологиялық қызметы Хабарландыру

Бүгін мектебімізде «Егер қиын болса қонырау шал» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық...
Толық оқыңыз
Жаңалықтар Психологиялық қызметы

16.02.2023 ж. 5-11 сынып ата-аналарымен суицидтік мінез құлықтың алдын алу, құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа “Жітіқара...
Толық оқыңыз
Ата-аналарға Жаңалықтар Психологиялық қызметы Тәрбие жұмыс

Үндестік жобасы аясында және интернеттегі сауаттылық, буллинг, кибербулингтің алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Соның...
Толық оқыңыз
Жаңалықтар Психологиялық қызметы

Оқушылар арасындағы буллинг” атты тақырыбында дебаттық пікірталас өткізілді. Мақсаты: Қазіргі кездегі оқушылар арасындағы буллинг болу себебі неде? Сол сұраққа жауап...
Толық оқыңыз