“Ертегілердің сиқырлы әлемі”

Ұнайды “Ертегілердің сиқырлы әлемі” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Жас оқырмандар әлем халықтарының ертегілерімен танысты. Әсіресе, оларға ертегі әлемімен адамдар, жануарлар және өсімдіктер байланысы туралы әңгіме ұнады.

«Мен оқығанды ұнатамын»

Ұнайды Мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Мен оқығанды ұнатамын» деген тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл кітаптар балаларды  түрлі-түсті суретері мен қарапайым мәтіндерімен  қызықтыратыны сөзсіз. Мақсатымыз: балаларды жылдам әрі дұрыс оқуларына және интеллектуалдық тұрғыдан дамуына көмектесу.

«Алтынсарин әлемі» кітап көрмесі

Ұнайды  Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына қызығушылықты оятып, ұлттық бірегейлік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында «Алтынсарин әлемі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Ыбырай Алтынсарин -ұстаз, ағартушы және гуманист, қазақ тіліндегі оқулықтарды, қазақ әліпбиі Толық оқыңыз …

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеші

Ұнайды 05.03.2022 ж. күні мектебіміздің акт залында «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» атты мерекелік кеш өткізілді. Мектеп білім алушылары барша әйел қауымын, аналарды, ұстаздарды, қыздарды көктемнің сұлу мерекесімен құттықтай отырып, жақсы көңіл күй сыйлады.

1- наурзыз — Алғыс айту күні

Ұнайды Бүгінгі қүн — нұрлы күнЖарық шашқан әлемгеЕскеретін күн бүгінРизашылық ғой әр елде … —демекші, Е.Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары, ұстаздарына, ата-аналарына өз алғыстарын білдіруде Алғыс айту күніне орай өткізілген іс-шаралардан үзінді қабыл алыңыздар!

Көркем еңбек пәнінен ашық сабақ

Ұнайды Эстетикалық пәндер «Зерде» Әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында Көркем еңбек пәнінен «Абстракциялық сурет» тақырыбында Митанов А.У. ашық сабақ өтті. Ашық сабақ мектеп білім алушыларын жаңа қырдан көрсетіп, шығармашылығын арттыруға бағытталды.